Өткізу күні: 30.11.2022
Өтетін орны: «Қалалық орталық кітапхана» МКҚК
Өткізу уақыты: 09.30 – 12.00
2022 жылдың 30 қараша күні Ақтөбе қаласы білім бөлімінің «Әдістемелік кабинет» КММ және «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен Қалалық орталық кітапханасы базасында «Балаларда өмірлік, жеке, кәсіби өзін-өзі анықтауды қамтитын жеке әмбебап оқу іс-әрекеттерін қалыптастыру» тақырыбында қосымша білім беру педагогтеріне арналған қалалық семинары өткізілді.
Семинардың мақсаты: әмбебап оқу іс-әрекеттерін қалыптастыру тәсілдерін меңгеруде қосымша білім беру педагогтерінің құзыреттілігін арттыру.
Семинардың ашылуында «Әдістемелік кабинет» КММ әдіскері А. А. Бегимбетова және «БЖШО» МКҚК директоры А. З. Нигматуллина кіріспе сөз алды.
Спикерлер: Құсалиева Ботагөз Болатқалиқызы — «Қалалық көркемсурет лицейі» директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
Чавдар Татьяна Борисовна — «БЖШО» МКҚК әдістемелік бөлімінің меңгерушісі;
Искарина Баян Бауыржанқызы — «Қалалық оқушылар Сарайы» МКҚК қосымша білім беру педагогі;
Нұрмағамбетов Нұржан Жалғасбайұлы — «Жас туристер станциясы» МКҚК педагог-ұйымдастырушысы;
«№1 балалар музыкалық мектебі» МКҚК — фортепиано класының педагогі Тлекова Мария Дүйсенбіқызы және хор жетекшісі Оразғалиева Сандуғаш Нұркенқызы.
Семинарға 8 қосымша білім беру ұйымынан 30 қосымша білім беру педагогтары қатысты.
Семинар соңында қатысушылар өткізілген іс-шараға жоғары баға берді.