Қала мектептерінің қосымша білім беру педагогтеріне арналған «Қосымша білім беру жүйесіндегі дарынды балалармен жұмыс» атты қалалық тәжірибелік семинарының өткендігі туралы ақпарат
Семинардың мақсаты:
1. Педагогтардың дарындылық туралы білімдерін (түсінігі, түрлері, белгілері) бекіту.
2. Тәжірибелік семинар қатысушыларды балалардың қабілеттерін дамытудың түрлі әдістері мен тәсілдерін іздеуге ынталандыру.
2021 жылдың 26 қарашасында «Балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығы» МКҚК-да «қосымша білім беру жүйесіндегі дарынды балалармен жұмыс» тақырыбында қалалық тәжірибелік семинар өтті.
Семинарға қаланың жалпы білім беретін мектептері мен қосымша білім беру ұйымдарынан 17 педагог қатысты.
Семинардың модераторы: Ш.Н. Жеткергенова – Орталықтың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары — семинардың алғы сөзін, барысын жүргізді.
Спикерлері орталық әдіскерлері болды:
Г. Д. Куптлеуова – «Дарындылықтың негізгі ұғымдары мен түрлері»
Т. Б. Чавдар – «Дарынды баланың портреті»
У. А.Ешниязова – «Қосымша білім беру жүйесінде дарындыларды оқыту»
Семинар барысында сөз сөйлейтін қонақтар:
Ж.Т. Қоныспаева – нейропсихолог, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, «Анима» тұлғаны психологиялық дамыту орталығының жетекшісі. «Баланың дарындылығын анықтау әдістері» туралы айтып берді;
Е. П. Сухотина – кәсіби суретші, педагог, білім беру үздігі, «Шығармашылық Әліппесі» бейнелеу студиясының жетекшісі – өз жұмыс тәжірибесінен ақпарат берді.
Семинар тыңдаушыларының жұмысы барысында балалардың дарындылығы мәселелері туралы сауалнама жүргізілді, дарындылықтың негізгі түрлері мен түсініктері, дарынды баланың портреті және дарынды балаларды қосымша білім беру жүйесінде оқыту қарастырылды, дарынды балалармен жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Семинардың барлық қатысушыларына қалалық білім бөлімінің сертификаттары табысталды. Семинар соңында педагогтар алғыстарын білдіріп, алған әсерлерімен бөлісті.