Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Қалалық «Жас дарын» атты жас күйшілер байқауының ережесі

Байқауды ұйымдастырушылар: «Қалалық  ғылыми-әдістемелік  кабинеті, «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы  орталығы» МҚКК

Байқаудың мақсаты:  жас дарынды домбырашылардың бойында  орындаушылық шеберліктері мен шығармашылық қабілеттерін арттыруға  ықпал ету.

Байқаудың  талабы:     Байқау Домбыра  аспабында ойнау жанры  бойынша  өткізіледі.

Конкурсқа  қатысатындар:  Байқауға  жалпы білім беретін мектептердің,  қосымша  білім беру ұйымдарының білім алушылары   қатыса  алады.

Байқау қатысушыларының  жас ерекшеліктері:

  • кіші топ 8 — 10 жас
  • орта топ 11 — 13 жас,
  • жоғары топ 14 — 17 жас.

Байқаудың өткізілу тәртібі мен шарттары:

байқауға  әр мектептен әр жас  ерекшелігі  бойынша 1 оқушыдан барлығы —  3 оқушыға дейін  қатыса алады;

— домбыра аспабында еркін  тақырыпта бір күй.

Қатысушыларды  бағалау

Қазылар алқасы  қатысушыларды  жабық түрде келесі  талаптар   бойынша  бағалайды:

— сахналық киім үлгісі;

—  дыбыс  тазалығы;

— орындаушылық  деңгейі.

Жалпы  білім беру мектептері оқушылары  мен  қосымша білім беру мекемелерінің  білім алушылары бөлек  бағаланады.

Конкурстың  өткізілу мерзімі мен  орны:   конкурс 2024 жылдың  14 ақпаны  күні сағат 09.00 де МҚКК «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылыығы  орталығы»  базасында  өткізіледі,  мекен- жайы:  Ақтөбе  қаласы,   Алтынсарин  көшесі 24 үйден  өткізіледі. Байланыс телефон/ факс: 21-22-05, ұ.т. 87029193608,  87054744242,  87013063270

Конкурсқа  қатысу  жөнінде  сұраныс 2024 жылдың  29 қаңтарына  дейін  қабылданады.  Алтынсарин 24 үй немесе  jas_darin-2021@mail.ru  электрондық  поштасына  қабылданады.

Конкурстың  өткізілуіне жауаптылар: Бердешова  Ұлдай  Сәменқызы – музыка бөлімінің меңгерушісі

Дүйсенбаева  Айзада  Арыстанбековна  —  БЖШО   әдіскері.

Марапаттау:  конкурстың  бас  жүлде жеңімпаздары  I, II, III  дәрежедегі  дипломдарымен және алғыс хаттарымен марапатталады. қалалық ғылыми әдістемелік  орталығының  дипломдарымен  марапатталады.

Өтініш үлгісі

МҚКК «Балалар мен
жасөспірімдер
шығармашылығы
орталығының» директоры
А.З.Нигматуллинаға

Қалалық «Жас дарын» атты  жас күйшілер байқауына
сұраныс

Қатысушының        аты-жөні Мектебі Туған                      жылы,                    айы, күні Жасына  қарай        тобы Орындалатын шығарманың

 аты

Жетекшісі                  байланыс                телефоны эл.поштасы