Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Қалалық «Тіл білгірлері» атты байқауының
Е Р Е Ж Е С І

Байқауды ұйымдастырушылар:Қалалық «Әдістемелік кабинеті», МҚКК «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы»

Байқаудың мақсаты: тіл мәдениетін қалыптастыру, оқушылардың жан дүниесін патриоттыққа тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • дарынды оқушыларды анықтау, үш тілді жетік меңгерту;
  • оқушылардың тілді меңгерудегі шығармашылығын белсендендіру;
  • сөйлеу мәдениетін жоғары деңгейде жетілдіру, толеранттыққа тәрбиелеу;
  • тілді сыйлау және жалпы мәдениетті қалыптастыру

Байқауға қатысатындар: жалпы білім беретін мектептердің үш тілді жетік меңгерген 8 класс оқушылары.

Бағалау критерийлері: байқау (қазақша, орысша, ағылшын тілінде) үш тілде жүргізіледі.

  • үш тілді білім игеруі;
  • тілдерді дұрыс айтуы;
  • сахналық мәдениеті;
  • байқауға дайындық деңгейі;
  • шығармашылығы;
  • күтпеген жағдайларға әрекетія

Номинациялар:

1 – «Таныстыру» — қатысушы өзін үш тілде таныстыру.

2 – конкурс-экспромт «Тіл білгірлері» — қатысушы берілген тақырыпқа сөз, сөз тіркесін және сөйлем құрастыру тиіс.

3 – «Менің ертегім» шоу-конкурс – қатысушылар өз ертегісін ойлап, оны костюммен, музыкамен, дыбыстап көрсету (3 минут). Ертегі жанкүйірлер қолдауымен көрсетілуі мүмкін. Мәтін үш тілде дайындалады. Ертегіні көрсету тілі жазылған жеребе бойынша қойылады.

Марапаттау: байқаудың Бас жүлде, жеңімпаздары қалалық әдістемелік кабинеттің дипломдарымен  марапатталады. Номинация бойынша жеңімпаздар МҚКК «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының» грамоталарымен марапатталады.

Байқаудың өткізілу мерзімі және орны: байқау 2023 жылдың

23 қарашасында сағат 10.00 де  МҚКК «Балалар мен жасөспірімдер шығармышылығы орталығы» негізінде, мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі,  24 үйде  өткізіледі. Байланыс телефон/факс: 21-22-05; 87013104896

Байқауға  қатысу жөнінде өтініш 2023 жылдың 17 қарашасына дейін Алтынсарин көшесі, 24 немесе kuptleuova83@bk.ru  электрондық  поштасына қабылданады.

Байқаудың өткізілуіне жауаптылар: Куптлеуова Г.Д. – «БЖШО»  әдіскері, Жумашева Г.М.,  Бисенгалиева А.К. – ҚББП

№ 1 қосымша

Қалалық  «Тіл білгірлері» байқауына
өтініш

Қатысушының аты жөні, тегі (толық) __________________________________
Туған күні, айы, жылы_______________________________________________
Байланыс телефоны, мектебі, класы _______________________
Жетекшісі туралы мәлімет, толық  аты-жөні_____________________________
Жетекшінің байланыс телефоны  _______________________
Білім беру  ұйымның атауы, мекен-жайы, телефон, электронды поштасы
_______________________________________________________________

Мектеп директорының қолы, мөрі