Қалалық сырттай «Табиғат айнасы» атты
балалар шығармашылық байқауының
ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ереже
Мақсаты: көркемдік шығармашылық әдістермен қоршаған ортаны қорғауға және эстетикалық деңгейді көтеруге, табиғатты ұқыпты және мұқият қарауға оқушылардың назарын аудару және тәрбиелеу.
Байқаудың міндеттері:
- оқушыларды халықтық шығармашылыққа қызығушылығын дамыту;
- жалпы білім беретін мектептердегі дарынды балаларды іздеу және мадақтау;
- педагогтер мен оқушылардың шығармашылық белсенділігін ынталандыру.
- Байқауға қатысушылар:
Байқауға қаланың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары үш жас санаты бойынша қатысады:
1 санат — 3-5 сынып
2 санат — 6-8 сынып
3 санат — 9-11 сынып
Байқауға қатысуға тек шығармашылық жұмыстар (шаблонсыз) жіберіледі.
- Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
- кескіндеме және графика (қарындашпен суреттеу, тушь, фломастермен; гуашь, майлы кескіндеме, акварель; ақ-қара графика және т.б.);
- фотодизайн (үлкен көлемде коллаж, европалық немесе шығыс стилінде бейімдеу, бонсай және т.б.).
- қорлар (резервы) –толық және жарма – жартылай және түрлі өндірістік немесе көркем және техникалық шығармашылық бұйымдар.
Әрбір жұмыстың өзінің безендірілген этикеткасында жетектеуші сөздері үлкен (шрифт) әріппен қазақша немесе орыс тілінде жазылу керек.
- Байқаудың өткізілетін орны және мерзімі:
Байқау 2023 жылдың 1 желтоқсан мен 14 желтоқсан күндері аралығында
(8 желтоқсанға дейін жұмыстар қабылданады) МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығында» Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі, 24 үйде өткізіледі. Байланыс телефоны: 21-22-05
Байқаудың ұйымдастырушылары: Сажнова Наталья Николаевна
Куптлеуова Гүльжайнар Даулетовна
- Байқаудың өткізілу шарты:
Байқауға әр номинация бойынша 1-ден артық жұмыс қабылданбайды.
- Әрбір қатысушы конкурсқа номинация бойынша бір ғана жұмыс ұсына алады
- байқауға жіберілген жұмыстар пікірленбейді;
- Байқауға қатысуға сауалнама-өтінім ұйымдастыру комитетіне шығармашылық жұмыстармен бірге жіберіледі (№ 2 қосымша)
- Байқаудың қорытындысын шығару:
Ұйымдастыру комитеті ұйымдастыру және өткізу жұмыстарын жүргізеді. Қорытынды материалдарын дайындайды. Байқаудағы қазылар мүшелері мамандарына сәйкес құрылады: Көркем сурет лицейінің оқытушысы, Оқушылар сарайы және МҚКК «БЖШО» өкілдері.
Байқаудың қазылар алқасы:
- ұсынылған жұмыстарды сындарға сәйкес бағалау;
- байқауда жас ерекшелігі және әрбір номинация бойынша жеңімпаздарды анықтайды;
- назарға лайықты жұмыстарды белгілейді.
Қазылардың шешімі қазылар алқасы мүшелері және төрайымдардың қол қоюымен расталады.
Байқау жеңімпаздары 1,2,3 орын үшін дипломдармен және көтермелеу
грамоталарымен марапатталады.
Қосымша № 1
(10 см*5 см өлшемде) картоннан немесе қатты қағаздан, жұмыстың аты, автордың аты-жөні, жасы, мектебі, класы, жетекшінің ата-жөні, орындалған жұмыстың материалы және орындалу техникасы әрбір жұмыстың этикеткасында анық көрсетілуі тиіс.
Үлкен жалпақ шрифтпен жұмыстың келесі бетінде міндетті түрде жазылу керек (көрінбейтін жеріне жұмыстың басқа түрі) төмендегі көрсетілген үлгіге сәйкес үлкен және анық болуы тиіс.
Толтырылу тәртібі | |
Автордың аты-жөні, жасы | |
Мектебі, класы | |
Жетекшіінің аты-жөні, тегі,
ұялы телефон номері |
|
Жұмыстың атауы | |
Жұмыстың орындалу техникасы |
Қосымша № 2
Қалалық сырттай «Табиғат айнасы» атты
балалар шығармашылық байқауына қатысушының сұраныс-сауалнамасы
Номинация | |
Қатысушының толық аты-жөні | |
Туған жылы, күні | |
Оқу орны, класы | |
Жетекшісі туралы мәлімет, толық аты-жөні | |
Байланыс телефондары, электронды поштасы | |
Жұмыстың аты | |
Жұмыстың тақырыбы | |
Орындалған жұмыстың түрі және техникасы |
Қосымша № 3
«Кескіндеме және графика»номинациясы бойынша бағалау критерийлері:
- Суреттің сауаттылығы және техникасы
- Композиция
- Таңдаған тақырыптың толық ашылуы, кескіндеуі
- Жұмыстағы түсті таңдау шешімі
- Ерекшелігі.
«Фитодизайн» номинациясы бойынша:
- Безендіру сапасы және жұмыстың орындалу техникасы
- Таңдаған тақырыптың толық ашылуы, кескіндеуі
- Жұмыстың түсті таңдау шешімі
- Ерекшелігі
- Пластигі, материалдың табиғи қасиеттерінің толық көрсетілуі.
«Резерв» номинациясы бойынша бағалау критерийлері:
- Қалдық материалды жұмыста қолданудың көркемдік әсері
- Технологияның сонылығы
- Қоршаған ортаны қорғау көзқарасы бойынша осы технологияның сенімнен шығуы
- Жұмыстағы түсті таңдау шешімі, композиция, пластика
- Жұмыстың орындалу сапасы.