Қалалық «Менің кіші Отаным» атты оқушылардың зерттеу
жұмыстары мен шығармашылық жоба байқауның
ЕРЕЖЕСІ
- Байқауды өткізу мақсаты:
Жалпы және қосымша білім беретін мекемелердің білім алушыларының білім беру-тәрбиелік қызметін белсендіру, өз қаласына деген азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру
Міндеттері:
- Оқушылар мен ересектердің назарын өзінің туған өлкесінің табиғатына, тарихы мен мәдени мұрасына аудару
- Өз өлкесінің табиғи байлықтарын қастерлеуге тәрбиелеу және ұтымды пайдаланудың қажеттілігін сезіну.
- Өз өлкесінің (табиғи, тарихи, мәдени, әлеуметтік, экологиялық) ерекшеліктерін меңгеру үшін оқушылар мен педагогтардың күшін біріктіру.
- Табиғатты пайдалану және халық-тұрғындар саласы бойынша зерттеу жұмыстарына қызығушылықтарын арттыру.
- Өзінің кіші Отанының проблемаларына (мәселеріне) жанашыр тұлғалар мен ұжымдарды анықтау және марапаттау
- Байқауға қатысушылар: қаланың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары мен қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары екі жас санаты бойынша қатысады:
1 санат — 5-8 класс
2 санат — 9-11 класс
- Байқау тәртібі мен өткізу мерзімі:
3.1. Байқау оқу жылы барысында өткізіледі, өз өлкесін дәйекті меңгеруге есептелген. Байқау екі кезеңнен тұрады: «мектептік» және қалалық.
3.2. «Мектептік» кезеңі 2023 жылдың 1 қаңтардан 2024 жылдың 30 наурызға дейін, «қалалық» 2024 жылдың сәуір айында МҚКК «БЖШО»-да өтеді.
3.3. Байқаудың тақырыптары «Кіші Отан» өмірінің түрлі аспектілерін қарастыратын үш номинация бойынша өтеді.
- туған Ақтөбенің бір бөлігі (кіші бұрышы);
- тарих және этнография;
- табиғатты пайдалану және халық-тұрғындар мәселелері;
3.4. Жұмысты ұсыну формалары:
- туған Ақтөбенің бір бөлігі (кіші бұрышы) номинациясының «Кіші Отан» жолкөрсеткіші
- «Тарих және этнография» мен «Табиғатты пайдалану және халық-тұрғындар мәселелері» номинациялары бойынша оқушылардың (жеке және ұжымдық) зерттеу жұмыстары.
Байқау жұмысын қорғау уақыты – көрнекілік материалдарын (макеттер, модельдер, слайд, бейне және т.б.) пайдалана отырып, 5-7 минутқа дейін.
3.5. Байқауға қабылданбайтын жұмыстар:
- басқа байқауларда қатысып орын алғандар;
- талаптарға сай келмеуі.
3.6. Байқауға жіберілген жұмыстар қайтарылмайды.
3.7. 2024 жылдың сәуір айының 24 күні сағ 09.00 де «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы Орталығында» өтетін қалалық байқауға өз жұмыстарын қорғауға барлық қатысушылар шақырылады. Байқауға қатысым сұраныстар 19 сәуірге дейін kuptleuova83@bk.ru эл. поштасына қабылданады.
3.8. Байқау жұмыстар төмендегі мекен-жайы бойынша қабылданады: Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі, 24 үй. «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы Орталығы».
Байланыс телефоны: 21-22-05, БЖШО әдіскері — Көптілеуова Гүлжайнар Дәулетқызы.
- Байқауды басқару:
4.1. Байқаудың ұйымдастыруын, басқаруын және өткізуін Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының ұйымдастыру комитеті жүргізеді.
4.2. Ұйымдастыру комитеті:
- байқау ережелерін және Сарапшылар комиссиясының құрамын бекітеді;
- байқауға жіберілген жұмыстар саны мен тақырыптар бойынша байқауды бағдарламасын анақтайды;
- Сарапшылардың шешімінің негізінде байқаудың нәтижелерін қорытындылайды.
- Қорытындылар және марапаттау:
5.1. Қатысушылардың ұсынылған жұмыстардың нәтижесінде қорытындысы шығады.
5.2. Байқау жеңімпазы әр номинациядан І,ІІ,ІІІ орынға ие болған қатысушылар қалалық әдістемелік кабинеттің дипломдарымен марапаталады.