Қосымша білім беру педагогтеріне арналған
«Экобрейн-ринг» қалалық экологиялық конкурсының
ЕРЕЖЕСІ
Байқауды ұйымдастырушылар: Ақтөбе қаласының «Әдістемелік кабинеті», «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы Орталығы» МКҚК.
Мақсаты: Өскелең ұрпақтың экологиялық санасын тәрбиелеу бойынша білім беру кеңістігінде қосымша білім беру педагогтерінің шығармашылық әлеуеті мен құзыреттілігін жандандыру.
Міндеттері:
- қосымша білім беру мекемелерінің тәрбие-білім беру қызметінің экологиялық проблемаларын зерделеу үшін қосымша білім беру педагогтерінің күш-жігерін біріктіру;
- қосымша білім беру педагогтері арасында оң тәжірибе мен инновациялық идеялармен алмасу үшін жағдай жасау;
- азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге қатысу сезімін дамыту.
Байқау қатысушылары:
«Экобрейн — ринг» байқауына қатысу үшін Ақтөбе қаласының қосымша білім беру ұйымдарының педагогтерінен құралған командалар шақырылады.
(әркомандада 3 қатысушыдан).
Өткізілу тәртібі:
«Экобрейн-ринг» байқауы офлайн режимінде өткізіледі.
Өткізу тілі: қазақ және орыс тілдерінде
Әр команда төменде көрсетілген турлар бойынша дайындаған материалдарын ұсынады:
1 тур – «Менің қаламның экологиялық мәселесі және шешу жолдары» жобасын қорғау / 3-5 минут/;
2 тур — «Туған жердің сұлулығы» әдеби-ән шығармашылығы (экология тақырыбы) / 3-5 минут/;
3-тур — «Бөшкедегі шатасулар» –қатысушылар қарсыластар командаға 5 сұрақ қояды, қарсыластар жеребе арқылы анықталады.
«Брейн-ринг» кезінде телефондарды пайдалануға тыйым салынады.
Бағалау критерийлері:
Байқау қорытындысы әрбір турда жиналған балдар саны бойынша бағаланады.
Марапаттау: байқау жеңімпаздары Ақтөбе қаласы білім бөлімінің «Әдістемелік кабинеті» дипломдарымен, қалған қатысушылар «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығы» МКҚК грамоталарымен марапатталады.
Байқаудың өткізілу мерзімі мен орны:
«Экобрейн-ринг» байқауы 29.11.2023 жылы сағат 10.00-де «БЖШО» МКҚК базасында, Ақтөбе қ., Ы. Алтынсарин к-сі, 24 мекенжайы бойынша өткізіледі
Байқауға қатысуға өтінімдер төмендегі нысан бойынша қабылданады (№1 қосымша)
23.10.2023-27.10.2023 жж дейін электрондық поштаға: konkurs.ekobreynring.23@mail.ru
Қатысушыларды тіркеу 27.10.2023 ж. сағат 18:00-де аяқталады.
Жауаптылар:
Чавдар Татьяна Борисовна +7 708 119 79 01
Камыспаева Сабина Кайратовна +7 777 120 32 98
қосымша № 1
«Экобрейн — ринг» экологиялық байқауына қатысуға
ӨТІНІШ
№ | Команданың атауы, қосымша білім беру мекемесі |
Қатысушылардың аты- жөндері |
Байланыс телефоны,
|
1 | |||
2 | |||
3 |