Қамқоршылық кеңесі
2025 жылдың 28 қазанында «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы» МҚКК-да Қамқоршылық кеңес мүшелерінің кезекті отырысы өтті. Орталық директоры Ш.Н. Жеткергенова қамқоршылық кеңес мүшелеріне 2025-2026 оқу жылына арналған Орталық қызметінің негізгі бағыттарымен, мақсат, міндеттерімен таныстырды. Сонымен қатар, есепші К.Г. Ажигалиеваның Орталықтың қаржылық жағдайы туралы есебі тыңдалды.
«Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы Орталығы» МҚКК Қамқоршылық кеңеске қосымша толықтырулар болатындығын және құрам бойынша ұсыныстарды қабылдайтындығын хабарлайды.
