МҚКК «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы Орталығы» мұғалімдерді конкурстық негізінде жұмысқа қабылдау
«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы талаптарына сәйкес
Ақтөбе қаласы білім бөліміне қарасты МҚКК«Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы Орталығы» кәсіпорны бос лауазымдарға байқау жариялайды:
— 1 бірлік «Бұқаралық ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі» (тұрақты).
Санаты, білімі жоғары — 229 919 тг
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Еңбек өтілі: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, білім беру жүйесіндегі немесе тиісті бейін бойынша жұмыс өтілі кемінде -5 жыл ;
Білуге тиіс:
— Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын және білім беру қызметін, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың басым бағыттарын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарды ұсынады;
— педагогикалық этиканың нормаларын;
— мемлекеттік, салалық және өңірлік нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құжаттарды;
— педагогика және психология негіздерін, еңбек заңнамасы негіздерін;
— еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын, санитариялық қағидалар мен нормаларды.еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау ережелерін, санитариялық ережелер мен нормалар.
Байқау Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі, 24 мекен-жайы бойынша өтеді.
Құжаттар 03.09. – 11.09.25ж. аралығында қабылданады.
Қатысу үшін қажетті құжаттар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығына сәйкес электрондық немесе қағаз түрінде ұсынылады.
Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2025 жылғы 31 наурызда № 35900 тіркелді.
Құжаттар Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі 24-те (индекс 0300006) мекенжайы бойынша немесе e-mail электрондық мекен-жайы бойынша қабылданады: cdutaktobe@yandex.kz анықтама телефон: 8 (7132)21-22-05
Конкурсқа қатысу ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS — айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.