Қалалық «Бейбіт Қазақстан — қорқынышсыз балалық шақ» атты
онлайн балалар сурет байқауының
ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ереже
Мақсаты: оқушылардың назарын бейбіт қазақ қоғамының құндылығына, әрбір адамның бейбітшілікте өмір сүруге деген ұмтылуына, бақытты да гүлденген елімізді экстремизм мен терроризмнің құбылыстарына жол бермеуге тәрбиелеу.
Конкурстың міндеттері:
- оқушылардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын дамыту;
- жалпы білім беретін мектептердегі дарынды балаларды іздеу және мадақтау;
- мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық белсенділігін ынталандыру.
- Байқауға қатысушылар:
Байқауға қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 9-11 сыныптар жас санатындағы оқушылары қатысады.
Байқауға тек қана шығармашылық жұмыстар (шаблонсыз) рұқсат етіледі.
- Байқаудың өткізілетін орны және мерзімі:
Байқау 2024 жылдың 1 сәуірі мен 14 сәуір күндері аралығында (8 сәуірге дейін жұмыстар қабылданады) МҚКК «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы Орталығында» Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі 24 үйде өткізіледі. Байланыс телефоны: 21-22-05
Байқау ұйымдастырушылары: Рахматов Нурберген Сатжанович,
Куптлеуова Гүлжайнар Дәулетовна
- Байқаудың өткізілу шарты:
- әрбір қатысушыдан байқауға бір ғана жұмыс қабылданады (№ 1 қосымша);
- байқауға жіберілген жұмыстар пікірленбейді;
- байқауға қатысушылардың сауалнама – сұраныстары мен шығармашылық жұмыстары ұйымдастыру комитетіне жіберіледі (№2 қосымша)
- Байқаудың қорытындысын шығару:
Ұйымдастыру комитеті ұйымдастыру және өткізу жұмыстарын жүргізеді. Қорытынды материалдарын дайындайды. Байқаудағы қазылар мүшелері мамандарына сәйкес құрылады: Көркем сурет лицейінің оқытушысы, Оқушылар сарайы және МҚКК «БЖШО» өкілдері.
- ұсынылған жұмыстарды сындарға сәйкес бағалау;
- Байқауда көрсетілген жас ерекшелік бойынша жеңімпаздарды анықтайды;
- назарға лайықты жұмыстарды белгілейді.
Байқау жеңімпаздары дипломдар және ынталандыру грамоталармен марапатталады.
Қосымша № 1
(10 см*5 см өлшемде) картоннан немесе қатты қағаздан, жұмыстың аты, автордың аты-жөні, жасы, мектебі, класы, жетекшінің ата-жөні, орындалған жұмыстың материалы және орындалу техникасы әрбір жұмыстың этикеткасында анық көрсетілуі тиіс.
Толтырылу тәртібі | |
Автордың аты-жөні, жасы | |
Мектебі, класы | |
Жетекшіінің аты-жөні, тегі | |
Жұмыстың атауы | |
Жұмыстың орындалу техникасы |
Қосымша № 2
«Бейбіт Қазақстан — қорқынышсыз балалық шақ» атты
қалалық онлайн балалар сурет байқауына қатысушының сұраныс- сауалнамасы
Қатысушының толық аты-жөні | |
Туған жылы, күні | |
Оқу орны, класы | |
Жетекшісі туралы мәлімет, толық аты-жөні | |
Байланыс телефондары, факс, электронды поштасы | |
Жұмыстың аты | |
Жұмыстың тақырыбы | |
Орындалған жұмыстың түрі және техникасы |
Қосымша № 3
Жұмысты бағалау критерийлері:
- Суреттің сауаттылығы және техникасы
- Композиция
- Таңдаған тақырыптың толық қамту, бейнелеу
- Жұмыстағы түсті таңдау шешімі
- Ерекшелігі.