Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Қалалық «Байсалдылық туралы әзілмен!»
атты балалар әуесқой театрлары байқауының
ЕРЕЖЕСІ

Байқауды ұйымдастырушылары: Ақтөбе қаласының білім бөлімінің «Әдістемелік кабинеті», «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы Орталығы» МҚКК

Мақсаты: қаланың жалпы білім беретін мектептері мен қосымша білім беру ұйымдарында балалар театр ұжымдастарының шығармашылығын дамыту.

Міндеттері:

  • театр өнеріне тарту арқылы балалар бойында тұлғалық адамгершілік және көркемдік- эстетикалық құндылықтарды қалыптастыру;
  • баланың шығармашылық дамуына жағдай жасау, шығармашылық әлеуетін ашумен дарынды балаларды анықтау;
  • театрлық өнер құралдары арқылы шығармашылық байланыстарды кеңейту мен баланы тәрбиелеудегі ойлармен бөлісу.

Қонкурс қатысушылары:

Жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен қосымша білім беру ұйымдарының балалары мен жасөспірімдері қатыса алады.

Сонымен қатар конкурсқа жеке және отбасылық берілген өтініштер де қаралады.

Конкурстың өткізілу шарттары:

— ұжым конкурсқа бір ғана театр қойылымын ұсынады (спектакль, миниатюра, көрініс), оның негізі бағыты «Ғаламның өзекті мәселері» тақырыбында   балаларға арналған ертегі  болуы керек.

— ертегі авторын таңдауда шектеу қойылмайды, ұжымға өзінің авторлық шығармасын немесе жаңаша түрге қайта өңделген ертегілерді пайдалануға болады.

— сахналық жабдықтар, техникалық жабдықтау мен қойылымға қажетті декорацияларды ұжым өз бетінше жеткізеді.

— қойылым ұзақтығы  10 минуттан аспауы тиіс.

Байқаудың өткізілуі мерзімі және орны:

Байқау 2024 жылдың 26 қаңтар күні сағат 10.00-де МҚКК «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы Орталығы»  негізінде, мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі, 24 өткізіледі.

Байқауға қатысу жөнінде сұраныстар (WORD түрінде) 22 қаңтарға дейін  ulmeken75@mail.ru  электронды поштасына қабылданады. Байланыс телефон: 21-22-05

Байқауға қатысушылар @cdutaktobe инстаграм парақшасына жазылуы тиіс және  байқау натижесін сол жерден көре алады.

Координатор: Ешниязова Улмекен Ахметжановна моб тел. 8-777-434-41-50 (ватсап)

Қатысушыларды марапаттау:

Байқауда  жүлделі орындар  алған  жеңімпаздары Ақтөбе қаласының білім бөлімінің «Әдістемелік кабинетінің»  дипломдарымен  марапатталады. Қалған белсенділік танытқан  қатысушылар «Балалар мен жасөспірімдер шығармашы-лығы Орталығының» мадақтамасымен мараппаталады.

СҰРАНЫС

(Үлгі)

Топтың аты Қатысушылардың саны, аты-жөні, қандай ролді сомдайды Мектебі, класы, жас аралығы Репертуары және онын түрі, бағыты, авторы, хронометраж Дайындаған жетекшінің толық аты-жөні, телефон нөмірі, электронды поштасы
1 «Қасқыр» тобы Барлығы:

1.Карагулов Самат – Айболит ролі

№ 91 ОМ

13 жас

«Коррупция жолы» спеклакль.

М. Қалданов

Хронометраж -7 мин

Семенова Л.Ф

+77774521236

2.
3.