2025 жылдың 28 қазанында «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы» МҚКК-да Қамқоршылық кеңес мүшелерінің кезекті отырысы өтті. Орталық директоры Ш.Н. Жеткергенова қамқоршылық кеңес мүшелеріне 2025-2026 оқу жылына арналған Орталық қызметінің негізгі бағыттарымен, мақсат, міндеттерімен таныстырды. Сонымен қатар, есепші К.Г. Ажигалиеваның Орталықтың қаржылық жағдайы туралы есебі тыңдалды.



