Қалалық «Тіл білгірлері» атты байқауының
Е Р Е Ж Е С І
Байқауды ұйымдастырушылар:Қалалық «Әдістемелік кабинеті», МҚКК «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы»
Байқаудың мақсаты: тіл мәдениетін қалыптастыру, оқушылардың жан дүниесін патриоттыққа тәрбиелеу.
Міндеттері:
- дарынды оқушыларды анықтау, үш тілді жетік меңгерту;
- оқушылардың тілді меңгерудегі шығармашылығын белсендендіру;
- сөйлеу мәдениетін жоғары деңгейде жетілдіру, толеранттыққа тәрбиелеу;
- тілді сыйлау және жалпы мәдениетті қалыптастыру
Байқауға қатысатындар: жалпы білім беретін мектептердің үш тілді жетік меңгерген 8 класс оқушылары.
Бағалау критерийлері: байқау (қазақша, орысша, ағылшын тілінде) үш тілде жүргізіледі.
- үш тілді білім игеруі;
- тілдерді дұрыс айтуы;
- сахналық мәдениеті;
- байқауға дайындық деңгейі;
- шығармашылығы;
- күтпеген жағдайларға әрекетія
Номинациялар:
1 – «Таныстыру» — қатысушы өзін үш тілде таныстыру.
2 – конкурс-экспромт «Тіл білгірлері» — қатысушы берілген тақырыпқа сөз, сөз тіркесін және сөйлем құрастыру тиіс.
3 – «Менің ертегім» шоу-конкурс – қатысушылар өз ертегісін ойлап, оны костюммен, музыкамен, дыбыстап көрсету (3 минут). Ертегі жанкүйірлер қолдауымен көрсетілуі мүмкін. Мәтін үш тілде дайындалады. Ертегіні көрсету тілі жазылған жеребе бойынша қойылады.
Марапаттау: байқаудың Бас жүлде, жеңімпаздары қалалық әдістемелік кабинеттің дипломдарымен марапатталады. Номинация бойынша жеңімпаздар МҚКК «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының» грамоталарымен марапатталады.
Байқаудың өткізілу мерзімі және орны: байқау 2023 жылдың
23 қарашасында сағат 10.00 де МҚКК «Балалар мен жасөспірімдер шығармышылығы орталығы» негізінде, мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі, 24 үйде өткізіледі. Байланыс телефон/факс: 21-22-05; 87013104896
Байқауға қатысу жөнінде өтініш 2023 жылдың 17 қарашасына дейін Алтынсарин көшесі, 24 немесе kuptleuova83@bk.ru электрондық поштасына қабылданады.
Байқаудың өткізілуіне жауаптылар: Куптлеуова Г.Д. – «БЖШО» әдіскері, Жумашева Г.М., Бисенгалиева А.К. – ҚББП
№ 1 қосымша
Қалалық «Тіл білгірлері» байқауына
өтініш
Қатысушының аты жөні, тегі (толық) __________________________________
Туған күні, айы, жылы_______________________________________________
Байланыс телефоны, мектебі, класы _______________________
Жетекшісі туралы мәлімет, толық аты-жөні_____________________________
Жетекшінің байланыс телефоны _______________________
Білім беру ұйымның атауы, мекен-жайы, телефон, электронды поштасы
_______________________________________________________________
Мектеп директорының қолы, мөрі