7- мамыр — Отан қорғаушылар күніне арналған
қалалық «Каһарман» әскери-спорттық ойынының
ЕРЕЖЕСІ
Мақсаты:
— өскелең ұрпақты отан сүйгіштік рухта тәрбиелеу;
— жарысқа қатысушылардың спорттық шеберлігін көтеру;
— салауатты өмір салтын насихаттау;
— Отан қорғаушы мамандығының мәртебесін арттыру.
Міндеті:
2023-2024 оқу жылында Ақтөбе қаласының жалпыға бірдей білім беретін мектептері
арасындағы әскери- спорттық сайыстарының үздік командасын анықтау және
Республикалық «Айбын-2024» әскери-спорттық жарысына жіберу.
ІІ. Өткізілетін уақыты және орыны
Өткізілетін орны: Орта мектеп базасында
Өткізілетін уақыты: сәуір айы
ІІІ. Шағын топтар, финалдық ойынға қатыстырылатын топтар
және өткізілу тәртібі
Топ мүшелері 11 оқушыдан тұрады. Сұранысқа енгізіледі. Оның ішінде 8 –негізгі қатысушы, 3 — қосымша қатысушы.
Ойынға қатысатын 8 оқушы: оның ішінде 6 — ұл , 2 — қыз
Сұраныста көрсетілмеген оқушы сайысқа жіберілген жағдайда, сайыстың барлық түрлерінен мектеп тобына ұпай есептелмейді. Қосымша топ мүшесін ойынның барлық түрінде алмастыруға рұқсат етіледі.
- ӘСКЕРИ-САПТЫҚ ӨЛЕҢ БАЙҚАУЫ.
Сайысқа қатысушы топ мүшелері, бірдей әскери киімде болуы шарт. Қатысушы саны 8 оқушы.
— Топты 2 (екі) қатарға тұрғызу
— Командирдің ойынға дайындығы туралы мәліметі
— Топтың, бас төрешімен амандасуы, жауап қайтаруы
— Орнында тұрғандағы бұрылыстар: «оң-ҒА!», «сол-ҒА!»,«артқа-БҰРЫЛ!» (әр бұрылыстар 2-3 рет қайталануы тиіс)
— Саптық жүріс. Саптық жүрісте- әскери жауап беру
— Саптық өлең
Ескерту: Саптық қимылдар ҚР ҚК әскери жарғысына сәйкес орындалуы тиісті.
- КАЛАШНИКОВ АВТОМАТЫНЫҢ ОҚУ МАКЕТІН ЖАРТЫЛАЙ БӨЛШЕКТЕП-ЖИНАУ.
Топтың 8 (сегіз) оқушысы кезекпен және уақытқа АК-74 ММГ макетін бөлшектеп жинайды. Уақыт соңғы оқушымен есептеледі.
Ескерту: Стол үстінен жерге түскен АК-74 тетіктерін оқушы жерден өзі көтеруі қажет және пенал алынбайды. Жіберілген қателерге 3 секунд уақыт қосылады.
- БИІК КЕРМЕГЕ ТАРТЫЛУ.
Әр топтан 4 (төрт) оқушы ер бала қатысады.
Ескерту: Биік кермеге тартылу кезінде серпіліп тартылуға, аяқты қайшылауға, қолды бір реттен артық алмастыруға тиым салынады.
- «ШАЛҚАЛАП ЖАТЫП ДЕНЕНІ ТІК ҚАЛПЫНА КӨТЕРУ» (Пресс).
Әр топтан 2 оқушы қыз балалар қатыстырылады. Жаттығуға бір минут уақыт беріледі.
Ескерту: Шалқадан көтерілген кезде шынтақ тізеге тию керек, шалқалап жатқан кезде шынтақ толық матаға тию керек.
- АРҚАН ТАРТУ САЙЫСЫ.
Командалар жеребе бойынша арқан тартудан сайысқа түседі. Қатысушы саны 7 оқушы.
Ескерту: Спорт залында арқан тарту кезінде аяқ киім спорттық болуы керек. (кроссовки, кеды)
Сайыстың барлық түрінде 1 орын алған топ — 1 ұпай алады, 2 орынға — 2 ұпай, 3 орынға — 3 ұпай т.б. Ең аз ұпай санын жинаған топ жеңімпаз атанады.
Егер екі немесе бірнеше топты ұпай саны бірдей болса, онда «Автоматты жартылай бөлшектеп — жинау» сайысында жоғарғы көрсеткішке жеткен топ жеңілдікке ие болады
ІY. Сайысты басқару
Сайысты ұйымдастыру Ақтөбе қаласының білім бөлімінің әдістемелік кабинеті мен «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық Орталығы» жетекшілікке алады. Финалдық сайысты өткізілуіне жауапкершілік бас төрешілер коллегиясына жүктеледі.
Y. Марапаттау.
Жеңіске жеткен мектеп топтары Ақтөбе қаласының білім бөлімінің «Әдістемелік кабинетінің дипломдарымен және қалалық «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының» кубок пен медальдарымен марапатталады.
Қосымшасы
ОЙЫНҒА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН МІНДЕТТІ ТАЛАПТАР:
- Ойыңға қатысушылар міндетті:
Ойынның бағдарламасын білу;
ойынның өткізілу ережесін сақтау;
ойынға өз уақытында келу;
хатшының шақыруы бойынша сап түзеу алаңына жылдам шығу;
мүмкін емес жағдайда ойынға қатысуды жалғастыру, техникалық себептер бойынша төрешіге ақауды жою үшін (минутқа жеткізбей) уақыт беру өтінішімен жүгіну.
- Ойынға қатысушыларға тыйым салынады:
төрешілер жұмысына араласуға, олардың іс-әрекетіне және шешімдеріне ренішін көпшілік алдында айтуға;
ойынның жалғасуынан негізсіз бас тартуға;
Ойын орнын жарыс жетекшісінің тиісті шешімінсіз тастап кетуге.
- Қатысушылар (команда) тиісті білім мекемесінің хабардар етуімен мына жағдайларда біліктіліктен айырыла алады:
ойынның кез-келген қатысушысын дене немесе моральды қорлау;
ойын ұйымдастырушыларының талаптарына бағынбау.
ОЙЫННЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ:
ойынның техникалық қамтамасыз етілуі; «Қаһарман-2023» әскери-спорттық ойыны өткізілетін мектептің музыкалық аспаптарымен және тікелей жетекшісі жүргізеді.