Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Қалалық «Көшбасшы»
жастар пікірсайысы турнирінің
Е Р Е Ж Е С І

Байқауды ұйымдастырушылар: Қалалық «Әдістемелік кабинеті», МҚКК «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы»

Байқаудың мақсаты: пікірсайыс қозғалысын насихаттау, бірлескен талдау және қоғамдық талқылау арқылы оқушылардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру.

Міндеттері:

— әлеуметтік жетілген, жауапты, белсенді, азаматтық ұстанымға ие, шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлауға қабілетті жастар ұрпағын қалыптастыру;

— жастар арасында пікір плюрализмін қалыптастыру, жастар ортасында өзін-өзі тәрбиелеу қажеттіліктерін дамыту;

— оң тәжірибе мен инновациялық идеялармен алмасу үшін жағдай жасау.

Ережелер мен шарттар:

Турнир американдық парламенттік формат (AПФ) бойынша өткізіледі. Ойын кезінде телефонды пайдалануға тыйым салынады. Турнир ойындары қысқартылған формат бойынша өткізіледі.

Турнирге қатысушылар:

«Көшбасшы» дебаттық турниріне (бұдан әрі-Турнир) қатысу үшін Ақтөбе қаласының орыс тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектептері мен қосымша білім беру ұйымдарының командалары шақырылады. Фракция құрамы- 2 адам. Турнирдегі фракциялардың максималды саны-25. (Тәжірибе 1 жылдан аспайды).

Бағалау критерийлері:

Турнир қорытындысы бойынша: Үздік команда, Үздік төреші, Үздік жас ұрпақ, сондай-ақ турнирдің үздік спикері анықталады.

І орын-1 фракция;

ІІ орын-1 фракция;

ІІІ орын-2 фракция;

Үздік спикер-1 адам (спикерлік балл бойынша бағаланады);

Үздік төреші-1 адам.

Турнирдің төрешілер алқасы: Турнирді өткізу үшін төрешілер алқасы құрылады. Төрешілер алқасының құрамын, қалыптастыру тәртібін, оның жұмыс регламентін, төрешілік жүйесін Турнирді ұйымдастырушы бекітеді.

Турнирдің төрешілер алқасы: турнир шеңберінде жастар пікірталастарының ережелері мен критерийлерінің тізбесін бекітеді, турнирдің іріктеу және финалдық ойындарына төрелік етеді.

Турнирдің бас төрешісі: турнирдің төрешілеріне, қатысушыларына және қонақтарына жастар пікірталастарының ережелеріне қатысты кеңес береді, турнир төрешілерінің жұмысы барысында даулы мәселелер туралы шешім шығарады.

Марапаттау:

Байқаудың жеңімпаздары қалалық әдістемелік кабинеттің дипломдарымен  марапатталады. Қалған қатысушылар МҚКК «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының» грамоталарымен марапатталады.

Байқаудың өткізілу мерзімі мен орны: Қалалық «Көшбасшы»  жастар пікірсайысы турнирі 2024 жылдың 31 наурызы күні № 4 ЖББОМ базасында сағат 10.00-де Ақтөбе қаласы, Тайбеков көшесі, 10 мекенжайы бойынша өткізіледі.

Байқауға қатысушыларды тіркеу:  Өтінімдер 2024 жылдың 26 наурызынан- 30 наурызына  дейін debaty_cdut@mail.ru электрондық поштасында сағат 18:00-ге дейін қабылданады. (№1 қосымша).

Байқаудың  өткізілуіне жауаптылар:

Чавдар Татьяна Борисовна +7 708 119 79 01

Бабич Татьяна Федоровна +7 775 512 04 62

№ 1 қосымша

Өтініш

Қатысушының аты жөні, тегі (толық) Фракция атауы, білім беру ұйымы Білім беру  ұйымның атауы, мекенжайы Жетекшісі туралы мәлімет, толық  аты-жөні

 

телефон, электронды поштасы

 

1

 

         
2          

Мектеп директорының қолы, мөрі